Жабдықты кәдеге жарату

Жабдықтар технологиялық процестерді жеңілдетеді. Неше түрлі керемет құрал-жабдықтар адамға пайдалы жұмысты істей алады. Бірақ кейде осындай жабдық ескіріп қалады. Не оны жөндеу үшін қымбат саймандар керек боп қалады. Олар болса тәуба. Жиі олар табылмай қалады.

Мысалы Германияда жасалған станоктың сайманы Қазақстанға жеткенше бірнеше есе рет қымбаттауы мүмкін. Және оны орнатып қоятын адам керек. Ондай мамандар елімізде жоқ болуы мүмкін. Сондықтан ескі сайманды алмастырғанша жаңа жабдықты сатып алу арзандау болады.

Ескісін қоқысқа тастамау керек. Өйткені оның құрамында неше түрлі зиянды химикаттар бар болуы мүмкін. Мысалы неше түрлі майлар, металдар дегендей.

Сондықтан ескі жабдықтарды кәдеге жарату керек. Яғни оларды бұзып пайдалы бөліктерге бөле алу керек. Металдарды қайта балқытады ал химиялық заттарды залалсыздандырады. Пластмасса мен резенке бар болса оларды қайта өндейміз.

Сіз бізге қоңырау шалып осындай жабдықтарды тапсырыңыз. Оларды біз қайта өндеп ел пайдасына жаратамыз. Табиғатты аялайық. Зиянды заттардан тазартып. Болашақ ұрпақ үшін!

Утилизация

Барлық құқықтар заңмен қорғалған. Сайт AlmatySite.kz компаниясында жасалған